jasqazaq.kz

Пәтерінен жылыжай жасап, марихуана өсірген тұрғын ұсталды (видео)

28 қараша 2020, 14:37

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары пәтерден есірткі өсіретін жылыжай тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас жігіт импровизацияланған жылыжайда өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіріп, оларды пластикалық бөтелкелерге отырғызған. Оның пәтерін тінту кезінде марихуананы өсіруге қажетті құрал-жабдықтар табылды, мысалы, термореттегіш, ауа жіберетін желдеткіш, күн сәулесін ауыстыруға арналған энергия үнемдейтін шам, есірткіні қолдануға арналған құрылғылар, сондай-ақ пайдалануға дайын есірткі табылды. Ұсталған адамның айтуынша, ол интернеттен марихуананың «элиталық» сұрыптарын сатып алған және сол жерден есірткі өсіру тәсілдері туралы білген. Содан кейін ол марихуананы жеке пайдалану үшін де, оны елорданың «шығармашылық» студенттері арасында сату үшін де өсірген. Медициналық сараптама көрсеткендей, ұстау кезінде «есірткі жылыжайының» иесі есірткі тұтынған мас күйінде болған.

https://youtu.be/wftDxwi79iE

Қылмыстық істі тергеу аясында қызметкерлер елорда аумағында есірткі өткізуге қатысы бар қылмыстық тізбектің басқа да сыбайластарын анықтау, сондай-ақ оны өндіру үшін «есірткі шикізаты» тұқымдарын жеткізу арналарын анықтау және жою бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 296 және 300-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия