jasqazaq.kz

Пәтерін қоқыс полигонына айналдырған

16 қантар 2019, 12:53

Семейде өз пәтерін қоқыс орнына айналдырған тұрғынға сот шешімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаладағы Қозыбағаров көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер қоқыс полигонына айналған. Қала тұрғыны бірнеше жыл бойы даладағы қатты тұрмыстық, металл, тамақ қалдықтары мен ескірген киім-кешек, қабырға қағаздары мен басқа да заттарды үйіне жинай берген. Тау боп үйілген қоқыс қалдықтардан пәтерге аттап басу мүмкін емес. Қолқаны қабатын иіс былай тұрсын, лас пәтерде түрлі жәндіктер мен кеміргіштер көбейіп, үй тұрғындарының есін шығарған. Себебі, бірінші қабаттағы тарақандар 5-ші қабаттағы пәтерлерді де жаулап алған. Тұрғындар үй иесін жөнге сала алмаған соң сотқа жүгінген. Азаматтық істі қараған Семей қалалық соты пәтер иесіне шешім күшіне енген күннен бастап 10 күн ішінде үйді қоқыстан босатуға міндеттеді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 4 бабының 2 тармағына сәйкес (Тұрғын үйлердi пайдалану)тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс»,-деді Семей қалалық сотының баспасөз қызметінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде