jasqazaq.kz

Пәтерін есірткі өсіретін жылыжайға айналдырған

26 ақпан 2020, 11:02

Тұрғын үйдегі есірткі жылыжайы. Алматы облысының Іле ауданындағы пәтерлердің бірінде түрлі есірткі өнімін алаңсыз өсіріп келген 47 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сырт көзге күдік тудырмайтын тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер құдды бір жылыжай сияқты. Микроклимат қалыптастыру үшін күн батареясы қойылып, қабырғалар целлофанмен қапталған. Шөптің өсуін тездететін сұйықтық та бар екен. Пәтер есірткі өнімін дайындауға бейімделген зертхананы елестетеді.

Ақбота Әзірбек, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

— Тінту барысында салмағы 26 келіге жуық 47 бұта, 295 орамша және салмағы 8,5 кг дайын екі қап марихуана табылып тәркіленді. Есірткі өсімдіктерін өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегімен ҚР ҚК 330-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия