jasqazaq.kz

Парламентте депутаттар жаппай төбелесті (видео)

09 маусым 2021, 11:27

Боливия парламентінде ІІМ басшысы Эдуардо Дель Кастильоның 2019 жылғы мемлекеттік төңкеріс туралы баяндамасы кезінде депутаттар жаппай төбелесіп қалды.

Бұл туралы Tengrinews.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлады.

Министрдің сөзі мен көрсетілген бейнематериалдар оппозициялық депутаттардың наразылығын тудырды, олар шенеунікпен келіспейтіні туралы айғайлады. Министрді «Социализмге қозғалыс» (MAS) өкілдері қолдап шықты.Creemos («Сенеміз») альянсының сенаторы Энри Монтеро мен MAS-тің депутаты Антонио Колкенің арасындағы ұрыс төбелеске ұласты. Видеода парламентшілердің бір-бірін ұрып-соғатыны, тебетіні көрінеді. Оларды бірнеше адам арашалауға тырысады.

Алайда екеуін арашалап жатқандар арасында да төбелес басталады: әйел депутаттар Татьяна Аньес пен Мария Аланока бір-бірінің шашынан ұстап алады.

Парламент сессиясы тоқтатылды. Монтеро мен Колке кейінірек журналистерден кешірім сұрады. Ал ІІМ басшысы қысқа үзілістен кейін баяндамасын аяқтады.Айта кетейік, Боливияның оппозиция өкілдері 2019 жылғы 20 қазандағы президенттік сайлауда жаппай бұзушылықтар болғанын мәлімдегеннен кейін, президент Эво Моралес әскери қысымнан және елдегі наразылықтар кезінде лауазымын босатып, елден кетіп қалған. Оның артынан Боливияның барлық жоғарғы басшылығы отставкаға кетті. Билік Сенаттың оппозициялық вице-спикері Жанин Аньеске өтті. 2020 жылғы жаңа президенттік сайлауда Моралестің жақтаушысы болған социалист Луис Арсе жеңіске жетті. Аньеске қатысты мемлекеттік төңкеріс туралы тергеу ісі аясында терроризм, көтеріліске арандатушылық және қастандық жасады деген айып тағылды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия