jasqazaq.kz

Парламент Тұңғыш Президентке қатысты заңды қабылдады

05 мамыр 2022, 15:48

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырумен келісті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаторлар енгізген толықтыру бойынша «Референдум туралы» Заңнан Елбасы туралы норма алынып тасталды.

«Бұл Конституциялық заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары әзірледі. Өздеріңізге белгілі, заң жобасын биыл 4 мамыр Парламент Мәжілісі мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберген болатын. Заң жобасын Парламент Сенатында қарау барысында қосымша толықтыру енгізілді. Бұл толықтыру Комитет отырысында қаралды. Сенат, республикалық референдумның нысанасы бола алмайтын мәселелерді нақтылау мақсатында, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 3-бабы 2)-тармақшасын жаңа редакцияда ұсынып отыр. Атап айтатын болсақ, «мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту» мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды», – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Оның айтуынша, осы тармақшаның қолданыстағы редакциядағы «Тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту» деген сөздерді Парламент Сенаты алып тастауды ұсынды.

«Қорыта келгенде, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына Парламент Сенаты енгізген толықтырумен келісуді ұсынамыз», – деді комитет төрағасы.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр