jasqazaq.kz

Парламент Азия Даму Банкіне қатысты құжатты қабылдады

30 сәуiр 2020, 14:49

Сенаттың жалпы отырысында «Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы ҚР Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

Келісім 2019 жылғы 27 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында бекітілген.

«Келісім мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу кезінде Азия Даму Банкінің ережелері мен талаптарын сақтау бойынша нормаларды белгілейді. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, экологиялық және әлеуметтік қорғау шаралары, негізгі еңбек стандарттары, төлемдер, ақпаратты ашу, сондай-ақ гендерлік даму бойынша ережелер мен талаптарды қамтиды. Бұл шарттарды мемлекеттік кепілдікпен алынған қарыздарда қолдану — жобалардың қаржыландыру тетіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді», — деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Оның сөзіне қарағанда, келісімге сәйкес ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары макроэкономикалық орнықтылықты арттыру, инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтерді жаңғырту, ауыл шаруашылығы секторын дамытуға жәрдемдесу, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту, инфрақұрылымға әрі денсаулық сақтау мен білім беру сияқты әлеуметтік секторларға инвестицияларды ұлғайту болып отыр.

«Азия Даму Банкінің қызметі жұмыс орындарын құру, инновацияларды ынталандыру, әлеуетті ұлғайту, білім мен үздік халықаралық практикаларды енгізу негізінде кең ауқымды қолдау көрсету арқылы экономикалық дамуға өз үлесін қосып отыр. Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді», — деді ведомство басшысы.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі