jasqazaq.kz

Паркоматтарға плакат ілгендер ұсталды

29 қараша 2018, 17:27

Алматы полициясы паркоматтарға Бауыржан Байбекті айыптаған плакат ілгендерді ұстады.

Мұның алдында белгісіз біреулер Медеу, Бостандық, Алмалы аудандарындағы паркоматтарға плакат жапсырып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Бұл парақшаларда қаладағы барлық көлік кептелісі мен тұрақтардың барлығы Бауыржан Байбекке тиесілі екендігі жазылған. Полиция бұл арандатушылық ақпаратты жариялаған тұлғаларды ұстағанын хабарлады. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Парақшалар тәркіленіп, іс материалдарына қосылды. «Бұл іске күдікті ретінде 38, 24, 28 жастағы ер адамдар ұсталды. Олар жалған ақпарат жарияланған плакаттарды ілгендерін мойындап отыр. Істі бастаған ер адам блогер Денис Кривошеевтің жазбаларынан үзінді алғандығын айтты. Полиция департаменті күдіктілердің әрқайсысының қалай әрекет еткенін бейнебақылау жүйесі арқылы анықтаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деді баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді