jasqazaq.kz

Параспортшы қыздың протезге жиналған ақшасы ұрланды

28 қазан 2019, 15:01

Алматылық параспортшы, үстел теннисінен спорт шебері Бақытгүл Әлімбекова алаяқтардың құрбаны болды.

Параспортшы қыз аяғына жаңа протез жасату үшін қазақстандықтар жинап берген 600 мың теңгесінен айырылып қалды. Оны алаяқтар алдап соққан. Бейтаныс адам қоңырау шалып, шотына 120 мың теңге аударғысы келетінін айтқан. Солай, жеке мәліметтерін сұрап алған. Кейін оның картасындағы ақшаның барлығы жоғалып кеткен. Бұл туралы Facebook-те Dala.fm радиосының жүргізушісі Екатерина Черкашина да жазды. «Достар, Бақытгүл Әлімбекованың протезіне ақша жинау әлі де жалғасуда. Бірнеше күн бұрын жиналған 600 мың теңге оның шотынан алаяқтық жолмен алынды. Каспий банк пен полиция бұл мәселемен айналысуда», — деп жазды ол. Б. Әлімбекова 15 жасында баспалдақтан құлап, жарақат алған. Бұл жарақаты гангренаның дамуына алып келгендіктен, дәрігерлер сол аяғын кесіп тастауға шешім қабылдаған.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда