jasqazaq.kz

Парашюті ашылмай қалған сарбаз ауруханада көз жұмды

02 қыркүйек 2020, 18:45

Парашюті толық ашылмағандықтан, құлап жарақат алған әскери қызметкер Маңғыстау облыстық ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

— Мұратжан Жамауов кеше, 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасында қайтыс болды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ кеше, 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде науқас қайтыс болды. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ақтауда парашюті толық ашылмағандықтан әскери қызметкер зардап шекті. Оқыс оқиға жоспарланған парашютпен секіру жаттығуы кезінде болған.

Жарақат алған парашютшінің әріптестері секіру сәтін видеоға түсіріп алған. Видеоны әскери қызметкердің анасы Күлжахан Жамауова ұсынды. Ол ұлының жерден берілген бұйрықтарды ести алмағанын, өйткені төменде дауыс зорайтқыш болмағанын айтты.

Кейіннен ақтаулық тәуелсіз сарапшы жарақат алған парашютші сарбаз жерден айғайлап берілген бұйрыққа жауап бермеді деген ақпарға түсініктеме берді. авиациялық техникалық спорт клубының (АТСК) бұрынғы аға десантшы нұсқаушысы Алексей Оскин, тіпті адамның мегафонмен айтқан сөздері жерден 100-150 метр қашықтықтан ғана ести алатындығын айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде