jasqazaq.kz

Параны өз карточкасына аударуды талап еткен полиция

28 мамыр 2019, 10:54

Қазақпарат  жазғандай, аталмыш қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралды. Оның үстінен жәбірленуші М. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментіне арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол өзінің басқаруындағы автокөлігімен досы екеуі жеке шаруасымен «Атамекен» сауда орталығына келеді. Ол Қызылорда қаласындағы Пушкин көшесімен бір бағытқа жүруге арналған жол талабының белгісін байқамай қалған. Сол уақытта соңынан полиция қызметінің қызметтік автокөлігі келіп, бір бағытқа арналған жолға көлікпен қарсы келгенін ескертеді. Жол ережесін бұзғандығы үшін автокөлігіне отырғызып алады. Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасап тұрғанын назарға салады. Бұл үшін жүргізу куәлігінен айыру жазасы көзделгенін айтуды да ұмытпайды. Жәбірленушіден жүргізу куәлігінен айырмау үшін 30 мың теңге талап еткенін емеурінмен білдіреді. Дегенмен көлік жүргізуші М. аталған ақша қаражатына мүмкіншілігінің жоқтығына байланысты 2 мың теңгені полиция қызметкері Б-ның қолына ұстатады. Аталмыш қаржыны мардымсыз көрген полиция қызметкері одан бөлек өзінің ЖСН нөмерін беріп, банк карточкасы арқылы 7 мың теңге салуды міндеттейді. Жәбірленушінің арызы негізінде сотталушы Б-ның іс-әрекеттеріне жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды. Бұрынғы тәртіп сақшысы қызметінен босатылып, полиция лейтенанты шенінен айырылды. Оған параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Айыппұлдың жалпы көлемі 450 мың теңгені құрайды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда