jasqazaq.kz

Параны кімдер көп береді?

30 қазан 2020, 12:20

Көп жағдайда пара берушілер қатарын жеке компаниялардың өкілдері бастап тұрады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, әлеуметтік жауапкершіліктің және сыбайлас жемқорлықтың салдарынан қоғамда болып жатқан зардаптардың жүгі ауыр. Оның зардабы тек жемқордың өзіне тиіп қоймай, сонымен бірге оның ұрпағына, жақын туыстарына да қара күйе болып жағылады.

«Талдау көрсеткендей, көп жағдайда пара берушілер қатарын жеке компаниялардың өкілдері бастап тұрады. Олар лауазымды тұлғаларды параға сатып алу арқылы кәсіпкерлік қызметті қолайлы іске асыру (кедендік рәсімдерді жеңілдету және жеделдету, лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар алу және т.б.), орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақша аудару мәселелерін шешеді. Кәсіпкерлерге пара берер алдында ойлану керектігін еске салып, ескерткім келеді. Соның салдарынан олар белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан, лицензиялардан, сертификаттардан, рұқсаттардан айырылуы және Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуі мүмкін», — деді Данияр Биғайдаров.

Мұндай жағдайда бизнесмендер табыс көзінен айырылып қана қоймай, қызметкерлерін жұмыссыз қалдырады.

«Халықаралық тәжірибеде заңнамалық деңгейде бекітілген бизнесті жүргізудің арнайы стандарттары мен этикасы қолданылады. Егер олар орындалмаса, арам қолды кәсіпкерлерге түрлі санкциялар қолданылады. Пара беру сияқты қылмыс құрамының қоғамдық қауіптілігін пара алумен салыстыруға болатындығын атап өткен жөн. Яғни, «пара беруші де, пара алушы да – қылмыскер екені хақ». Сондықтан мұндай адамдардың іс-әрекеттері пара алушының іс-әрекетінен кем емес қоғамдық қауіпке ие», — деді агенттік өкілі.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия