jasqazaq.kz

Параны бекіремен алған

26 тамыз 2018, 12:01

Атырау облысында шенеунік жүйелі түрде пара алғандығы үшін күдіктелуде, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин хабарлады. Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы теңіз бөлімінің басшысы парақорлықта әшкереленді. «Ол жеке тұлғадан жалпы қамқорлығы және бекіре тұқымдастары балықтарын заңсыз аулауға теңізге кедергісіз шығу үшін жүйелі түрде 400 мың теңге пара және бекіре балығын алғандығы үшін күдіктелуде», — делінген хабарламада. Ақшаны ол арада делдал болған өзінің жүргізушісі арқылы алып отырған. «Қазіргі уақытта бөлім басшысы және оның жүргізушісі өз кінәсін толық мойындады, тергеуге көмек беруде және кінәні мойындау бойынша келісім жасау туралы өтініш жасауына байланысты аталған тұлғаларға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ», — деді Нұрлан Жахин.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді