jasqazaq.kz

Парамен ұсталған шенеунік айыппұлмен құтылмақ

27 желтоқсан 2021, 21:13

Түркістан облысында аудан әкімінің білдей орынбасары алаяқтық жасағаны үшін істі болды. Бәйдібек ауданы әкімінің экс -орынбасары Айкен Теміров 1 млн теңге парамен ұсталған. Шенеунік бұл сомманы ауданның «Фронт-офис» кеңсесінің құрылысына қаржы бөлдіремін деп құрылыс компаниясынан ауызбастырық ретінде алған көрінеді.

Соттың дерегінше, 2015 жылдан бері осы креслода отырған шенді санаулы сағат өтпей сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің құрығына іліккен. 42 жастағы экс-шенеунік 4 ай үй қамақта отырды. Сот бұрынғы әкім орынбасарына бүгін үкім шығарды. Ол айыппұлмен құтылмақ.

Алпысбай НӘЛІБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Темірдің күзетпен ұстауда отырған және үй қамақта отырған уақыты үшін 1 млн 429 мың 330 теңгесін айыппұл жазаны өтелген мерзімге есептеп, оған 13 млн 570 мың 670 теңге айыппұлды өтеуге деп белгіленсін. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін Темірге тағайындалған айыппұлды төлеу үшін екі ай мерзім айқындалсын.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр