jasqazaq.kz

Парамен ұсталған шенді терезеден секіріп өлді

06 ақпан 2018, 12:36

«Қазводхоз» РМК Алматы филиалының директоры Сейілхан Мұхамадиев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің терезесінен секіріп кетті. Бұл ақпаратты Ұлттық бюроның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 3 ақпанда болған. Мұхамадиев жедел тергеу іс-қимылдарынан кейін Ұлттық бюроның Алматы облысы бойынша департаментінің ғимаратына жеткізіледі.

«Сағат 09:02-да Мұхамадиев департаменттің төртінші қабатта орналасқан қызметтік кабинетінің терезесінен секіріп кетті. Алған жарақаттарынан Мұхамадиев сол жерде қаза болды», — деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы «Қазводхоз» директорының не үшін ұсталғанын түсіндірді.

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің прокуратура органдарының санкциясымен жүргізген тергеу іс-қимылдарының барысында «Қазводхоз» РМК Алматы филиалының директоры С.М. Мұхамадиевтың пара алғаны анықталды. 17,4 миллион теңге көлеміндегі заңсыз сыйақыны немесе мемлекеттік сатып алулар келісімшартының 10 пайызын ол орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойғаны және қосымша келісім үшін мердігер кәсіпорыннан алды. Бұл сома оған бір ай ішінде біртіндеп берілді. 2 ақпанда (сағат 22:23-де) қалған 400 мың теңгені алу кезінде Мұхамадиев ұсталды», — деп хабарлады баспасөз қызметі

 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды