jasqazaq.kz

Парамен ұсталған әкімдік қызметкерлерінің видеосы жарияланды

11 ақпан 2021, 18:07

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Талғар ауданы әкімдік қызметкерлерінің пара алып жатқанда ұсталған сәтінің видеосын жариялады. 

 

Видеодан агенттік қызметкерлері Талғар ауданы әкімдігі ғимаратына, одан әрі аудан әкімі Серікжан Ерекешевтің кабинетіне кіргенін көруге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен арнайы жедел әрекет ету бөлімі қызметкерлері қосымша тағы бір үйде тінту жүргізді. Ондағы бөлмелердің бірінде ер адам мен қыз отырғаны көрінеді. Үстел үстінде жатқан көк қаптан бір миллион теңгеден аса сомадағы бірнеше 20 мың купюрасы табылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері үйдің ауласында қалтасынан 20 мыңдық купюраны алып жатқан тағы бір адамды ұстады. Сондай-ақ, Талғар ауданы әкімінің орынбасары мен әкімдіктің басқа да лауазымды тұлғаларының кабинеттеріне тінту жүргізілген.

Ведомстводағылар пара алу кезінде шенеуніктерді ұстау облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өңірлік прокуратурасы мен Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болғанын хабарлады.

Бұған дейін қала әкімі Серікжан Ерекешевке және оның қарамағындағы қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған. 26 қаңтарда Ерекешевке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия