jasqazaq.kz

Парамен ұсталды (видео)

04 маусым 2020, 17:34

Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет және спорт басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді.

«Ол «Наурыз мейрамы-2020″ мерекесін тойлауға орай жалпы сомасы 195 миллион теңгеге іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшарт бойынша қамқорлық көрсету үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», — деді агенттікке қарасты 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қазіргі таңда тергеу амаладары жалғастырылуда екен. Күдікті абақтыға қамалыпты.

Нұрлан Сыдықов еңбек жолын жастардың әлеуметтік ұйымы қоғамдастығында бастаған. «Қазақстан жастар конгрессіне» жетекшілік жасап, «Жас Отанның» жауапты хатшысы болған. Алматы әкімдігін бірнеше жыл қызмет етіп, жастар саясаты, ішкі саясат және мәдениет басқармасының басшысы да болып жұмыс істеген. Ал елордада ол былтырғы жылдың тамызынан бастап еңбек етуге кірісіпті.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия