jasqazaq.kz

Паралимпиада чемпионына жаңа пәтер мен көліктің кілті тапсырылды

02 қыркүйек 2021, 15:24

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Токио паралимпиадасынан жеңіспен оралған ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтяревка жаңа пәтер мен көліктің кілтін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде өңірде спорт саласы қарқынды дамып келе жатқанын, бұқаралық спортты дамыту үшін бірқатар шаруалар тындырылып жатқанын атап өтті. «Спорт саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Өңірдің қалалары мен ауылдарында 2,5 мың спорт нысанында 240 мыңнан астам әуесқой спортшылар жаттығады. Давид Дегтярев ақмолалық атлеттердің даңқты жеңістері жылнамасында лайықты орын алды. Біз оның жетістігін мақтан тұтамыз және зор денсаулық пен табыс тілейміз», – деп атап өтті Ермек Боранбайұлы. Е.Маржықпаев чемпионға көліктің кілтін және 3 бөлмелі жаңа пәтердің сертификатын табыс етті. Ал, оның жаттықтырушы Юрий Колесников 5 миллион теңге алды. «Мен жеңісімді тамаша еліме арнаймын», — деп қунышымен бөлісті Давид Дегтяров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде