jasqazaq.kz

Парақор мен айыпкер

13 қараша 2020, 14:35

«Қашқын» әке

2017 жылдан бері үш баласына алимент төлемеген алматылық азамат 2 бөлмелі пәтері мен автокөлігінен айрылды.
Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Борышкердің ай сайынғы табысы 1 200 000 теңге болса да, ол алименттен жалтарып келген. Оның алимент бойынша қарызы 21 миллион 600 мың теңгеге жетіпті. «Қашқын» әке заң алдындағы жауаптан құтыла алмады.

Жарық «жегендер»

Маңғыстауда энергиямен жабдықтау мекемелерінің басшылары мен лауазымды тұлғаларынан құралған қылмыстық топ 500 млн теңгеден астам қаржы жымқырған. Қылмыстық топ 2018 жылдан бері жұмыс істепті. Ең алдымен Жаңаөзен қаласында энергия жабдықтаушы ұйымы электр желілері мекемесін рейдерлік жолмен өздеріне тартып алу және қорқытып алу жолымен осы мекемені тартып алған екен. Қазір шығынды өтеу үшін 110 млн теңгені құрайтын мүлік тәркіленген. Айыпталушылар 9 адам, 5-еуі қамауда.
Қалғандары үй қамақта.

Алаяқтар «апаны»

Алматылық бір жігіт шетелдік бір компанияға адам шақырып, 32 млн теңгені қолды қылған.  Тұрғындарға Еуропада жалақысы жоғары жұмыс ұсынып, «қызметі» үшін ақша алып, тайып тұрған. Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелген көкшетаулық әйел 11 адамды алдап, 4,7 млн теңге ұрлаған. «Норвегияда жұмыс тауып беремін» деген желеумен жұртты алдаған алаяқ әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Құқықтық статистикаға сүйенсек, биыл алаяқтыққа қатысты 300-ге жуық қылмыстық істі тергеу аяқталды. Шығын көлемі 247 млн теңгеден асқан.

Жүгенсіз жүргізуші

27 млн теңге қарызы бар «Toyota» көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол Алматы қаласында сот орындаушылары мен МКД қызметкерлерімен бірге өткізілген «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде құрықталған. Одан бөлек, рейд кезінде «Lada Granta» автокөлігі ұсталды. Оның жалпы сомасы 1 миллион теңгені құрайтын төленбеген айыппұлы бар болып шыққан. Тағы бір автокөлік жүргізушісі бір аптаның ішінде жол қозғалысы ережелерін сегіз рет бұзған. Бұл жолы оған аяушылық жасалмады, оған тағылған айыппұлдың мөлшері 119 мың теңге.

Айдос Құсайынұлы

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия