jasqazaq.kz

Пара бергендерге айыппұл екі есе ұлғайды

08 қантар 2021, 15:18

Қазақстанда пара берген және парақорлыққа делдал болғандарға салынатын айыппұл ұлғайды. Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді.

Енді 50 АЕК-ке дейінгі (145 мың теңге) мөлшерде пара бергендерге салынатын айыппұл параның 10 есе мөлшерінен 20 есе мөлшеріне дейін ұлғайтылды.

«Бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюынан бөлек пара беру мен парақорлыққа делдал болғандардың айыппұлы да өсті. Пара бергендер үшін (50 АЕК немесе 145 мың теңгеге дейін) айыппұлдың төмен көрсеткіші екі есе өсті — параның 10 еседен 20 есеге дейінгі мөлшерінде төлеу керек. Мысалмен түсіндірейін: азамат 100 мың теңге пара бергені үшін сотталса, онда сот оған кемінде 2 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығара алады. Бұрын айыппұлдың төмен мөлшері 1 миллион теңге болатын», — деп түсіндірді Олжас Бектенов Антикордың Facebook парақшасында өткен онлайн-брифингте.

Антикор өкілі бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекске тиісте түзетулер енгізілгенін атап өтті.

«Бұрын азаматтарға Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігінде қарастарылған «Айтарлықтай ірі көлемде пара бергені» үшін ең көп дегенде 5 жыл бас бостандығынан айыру көзделіп, бұл әрекет орта дәрежедегі қылмыс болып есептелетін. Ал жаңа редакцияда (заң нормасында — еск.) жазалаудың жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұзартылды және сәйкесінше ауыр қылмысқа жататын болды. Бұл дегеніңіз шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтеуге мүмкіндік бермеу болып отыр», — деді ол.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия