jasqazaq.kz

Пара берген де жазадан құтылмайды

09 сәуiр 2020, 15:54

Соңғы 3 жылда елімізде пара бергені үшін 586 адам сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов онлайн-брифинг барысында айтты.

Оның атап өтуінше, «2017-2019 жылдары және осы жылдың 3 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара беру фактісі бойынша 915 қылмысты тіркеді. Соңғы 3 жылдағы динамика пара берушілерге қатысты қылмыстарды тіркеу фактілерінің өскендігін айғақтайды. Нақты айтқанда, 2017 жылы – 255, 2018 жылы – 232, 2019 жылы – 342, ал осы жылдың 3 айында ғана 86 факті тіркеліп отыр. «Пара бергені үшін 586 адам сотталды (2017 жылы – 165, 2018 жылы – 198, 2019 жылы – 187, осы жылдың 3 айында — 36). Оның ішінде 147 адамды бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. 352 адамға айыппұл салынып, 65 адамға қатысты бас бостандығын шектеу қолданылды», — деді Қ. Жапақов.

Аппарат басшысының айтуынша, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан айырылған.

«Талдау көп жағдайда жеке компания өкілдері пара беруші болатындығын көрсетіп отыр. Олар кәсіпкерлік қызметті қолайлы жүзеге асыру немесе мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою мәселелерін лауазымды тұлғаларды парамен сатып алу арқылы шешеді», — деді ол.

Мысалы, 2019 жылы қазан айында «Гренада» ЖШС директоры А.Громченко Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі А.Қисықовқа орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз қабылдау үшін 7 млн теңге сомасында пара бергені үшін бас бостандығынан айырылған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия