jasqazaq.kz

Пара алып жатқан жерінен ұсталды (видео)

10 қыркүйек 2019, 14:41

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары пара алды деп күдіктелуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеуніктің тұтқындалған сәтінің видеосын жариялады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Алматы» ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Шенеунік пара алды және жекеменшік компания директоры аталған тұлғаға пара берді деп күдіктелуде.

«Аудан әкімінің орынбасары жекеменшік компанияның директорынан ауданның жарықтандырылуына қатысты қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісімшарт бойынша атқарылған жұмыстар актілеріне қол қою барысында жасаған қорғаншылығы үшін 5 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Тергеу жалғастырылуда», — делінеді хабарламада.

Сот күдіктілердің кінәсінің деңгейін анықтап, соңғы үкімді шығаратын болады.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді