jasqazaq.kz

Пара алудан бас тартқан полицей марапатталды

02 қазан 2019, 12:51

Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкері ішімдік ішіп, рульге отырған жүргізушіге айыппұл салған. Ал жүргізуші полиция қызметкеріне сыйлық беріп, жазадан құтылмақ болған.

Ақтөбедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов сыйлық берген адам туралы хабар берген полиция қызметкері Әсет Зайнуллинді марапаттады. Алғыс хат алған полиция қызметкері бұған дейін « L exus» көлігін тоқтатып, ішімдік ішкен жүргізушіге айыппұл салған. Сол кезде Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 608 — бабы, 1 – бөлігімен әкімшілік хаттама толтырған. Бірақ жүргізуші полиция қызметкерінің телефонын тауып алып, оған өз алғысын жазып, 5 мың теңге салып жіберген. Ақша аударымын растайтын қағаздың суретін қоса берді. «Полиция қызметкері Әсет Зайнуллин бұл хабарлама мен аударылған ақша туралы облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына айтты. Бұл оның өзінің жұмысына адал, антына берік екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта заң бұзып, сыйлық берген жүргізушіге 200 АЕК, яғни, 505 мың теңге айыппұл салынды», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл а генттіктің облыстық департаменті.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда