jasqazaq.kz

Пара алғаны үшін судьяға айыппұл салынды

09 қараша 2019, 16:33

Алматыда Медеу аудандық азаматтық сотының судьясы пара алды деп айыпталды. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Гүлмира Әбілқайыр жер учаскесінің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық істе оң шешім қабылдағаны үшін делдал болған соттың хатшысы Рақышов арқылы алдын-ала келісілген 10 мың доллардан 3 мың доллар көлемінде пара алды деп күдіктелді, делінген хабарламада.

Бұл фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы анықтады.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты жаза ретінде Гүлмира Әбілқайырға 45 459 600 теңге айыппұл салды. Сот қызметкері Рақышов екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда