jasqazaq.kz

Пара алған директорға 3 миллион теңге айыппұл салынды

17 қараша 2017, 15:04

Семейдегі лицей мектебінің директоры пара алды деп айыпталып, ірі сомада айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлады қылмыстық істер бойынша қалалық соттан. Бұл туралы Интерфакс агенттігі жазды.

№7 мектептің 55 жастағы директоры Қылмыстық кодекстің 366 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған пара көлемінен 50 есе үлкен айыппұл салынды. Енді ол 3 миллион 175 мың теңге төлеуі тиіс. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп атап өтті соттағылар.

Қазан айында антикоррупциялық қызмет ер кісіні пара алып жатқан жерінен ұстаған болатын.

Сот материалдары бойынша, оқу орнының басшысы қыздарын мектепке алу үшін ата-анадан көлігіне қысқы дөңгелек сұраған. Алайда бастапқы ойынан айнып, антирадары бар бейне регистратор сыйлауды міндеттеген.

today.kz

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті