jasqazaq.kz

Пара алған бұрынғы аудан әкімі сотталды

12 тамыз 2019, 17:19

Қостанай қаласының №2 сотында Әулиекөл ауданының экс-әкіміне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық соттың мәліметіне сүйенсек, Әулиекөл ауданының бұрынғы әкімі Асхат Қисықов «Гренада» өндірістік-коммерциялық фирмасы» ЖШС-нің директорынан Әулиекөл орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге арналған мемлекеттік сатып алу конкурсына қатыстырғаны үшін 7 миллион теңге сұраған. Мектепті жөндеуге келісімшарт бойынша 121 млн теңге жұмсалуы тиіс болған. «Сотқа дейінгі тергеу жедел жүргізілді. Сотта бұл жағдайлар расталды. Сотталушылар кінәсін толығымен мойындады. №2 соттың үкімімен Қисықов кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі ең төмен түзету мекемесінде өтейді. Мемлекеттік қызметтен өмір бойынша шеттетілді. Пара берген ЖШС директоры 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.», — делінген облыстық соттың хабарламасында. Сондай-ақ, жәбірленушілердің қорына 20 АЕК көлемінде қаражат өндірілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда