jasqazaq.kz

Пара алған әкім сотталды

19 наурыз 2018, 14:54

3 миллион теңгенің әжетханасын таныстырған Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев пара алғаны үшін сотталды.

Мақтаарал аудандық соты Базарбаевты 200 мың теңге пара алғаны үшін айыпты деп танып, оған 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. 2018 жылдың қаңтар айында жергілікті балабақшадағы 125 балаға бюджеттен ақша бөлінген. Бірақ тексеріс барысында балабақшада тек 75 бала бар екені, қалған 50 бала жоқ екенін анықталған. Балабақша өкілдері 50 баланың жоқтығын тексерушілер олардың сол сәтте ауырып жатқандарымен түсіндірген. Ауыл әкімі өз кезегінде 125 баланың ақшасын аударататынын, бірақ ол қаражаттан 500 мың теңгенің қайтарылу керектігін айтады. Кейінірек бұл соманы 200 мың теңгеге азайтқан. Еске сала кетейік, 2018 жылдың 3 наурызында Байдуалы Базарбаев 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған болатын. Қала басшысы 13 миллион 500 мың теңге тұратын үйін кепілге қойып, бостандыққа шыққан. Айта кетсек, 2017 жылдың қаңтарында Байдуалы Базарбаев Жетісайдағы заманауи қоғамдық әжетхананың ашылу салтанатына қатысқан еді. Нысан үш миллион теңгеден аса қаражатқа салынған. Сол кезде қолданушылар мұндай қымбаттылығына мән берген еді.

Tengrinews.kz

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты