jasqazaq.kz

Пара алған 7 оқытушы жұмыстан шығарылмақ

10 наурыз 2020, 17:57

Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры жемқорлықпен айналысқан 8 оқытушыны жұмыстан шығармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan» партиясының «Жас-Отан» жастар қанатының өкілдері «Адал сессия» мониторингін қорытындылады. Бұл мониторинг бойынша сыбайлас жемқорлық ең белең алған университеттердің ішіне Қазақ спорт және туризм академиясы кірген. Жастардың талдауына қатысты академияның ректоры Қайрат Закирьянов жауап берді. «Бұл ақпарат біз үшін өте жағымсыз тосынсый болды. Академия шеңберінде шұғыл жиналыс өткіздік. Бізде 3000 жуық студент күндізгі бөлімде оқиды. Олардың арасында мемлекеттік грант алғандар да бар. Мемлекеттік грант иегері болу оңай емес. Әдетте ұлттық құрамаға кіретін жоғары санаттағы спортшылар кіреді. Олардың көпшілігі уақыттарын оқу-жаттығу орындарында өткізеді. Көп жарысқа қатысатын болған соң олардың білімдері сабаққа қатысатын студенттерге қарағанда төмен болуы ғажап емес. Көпшілігі сессияны осылай жабуы да ықтимал. Оқытушы да ала салуы мүмкін. Екеуін де ақтамаймын», — деді ректор. Оның айтуынша, Академияда сыбайлас жемқорлық факторларын бақылайтын қауіпсіздік қызметі жұмыс істеп тұр. «Біздің бақылауымызда жүрген кафедра меңгерушілері мен оқытушылар бар. Соңғы шұғыл жиналыста мен ол кісілердің аттарын атадым. Осы 7-8 адаммен еңбек келісімшартын бұзатын боламыз. Олардың ішінде кафедра меңгерушілері мен деканның орынбасарлары бар», — деді Қ.Закирьянов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия