jasqazaq.kz

Пара алды деген Мәдениет министрлігінің қызметкері үйқамаққа алынды

27 қазан 2018, 12:54

Мәдениет және спорт министрлігінің бірнеше лауазымды қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Олардың арасында министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев қана үйқамаққа алынған. Ал, 46 жастағы шенеуніктің параны кімнен не үшін және қанша көлемде алғаны әзірше жарияланбай отыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бір анығы, Еренай Дәржібаев параны Астанадағы қымбат мейрамханалардың бірінде алған. Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, ауызбастырықтың көлемі 14 миллион теңге. Алайда, Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бұл мәліметті растаған да, теріске шығарған да жоқ. Ал басты күдікті Дәржібаев Мәдениет және спорт министрлігінде әкімшілік департаментін басқарып қана қоймай Этика жөніндегі уәкіл қызметін де қоса атқарған. Яғни ведомство қызметкерлерінің жемқорлыққа жоламауын қадағалапты. Енді өзі шатылып жатқан лауазымды шенеунік 24 желтоқсанға дейін үйқамақта отырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде