jasqazaq.kz

Пара алды деген күдікпен 2 судья ұсталды

01 қараша 2018, 16:57

Шығыс Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен екі судья ұсталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол сотталғанға жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішті оң қарағандығы үшін пара алды деп күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабының (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу) талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды», — деді бүгінгі брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова. Ол сонымен бірге, ШҚО-да тағы бір аудандық сот судьясы да пара алды деген күдікпен ұсталғанын айтты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудандық соттың судьясына қатысты қылмыстық іс тіркеді. Тергеу заңсыз балық аулаумен айналысқан тұлғадан әкімшілік материал бойынша қайықты тәркілемеу үшін пара алды деп күдіктелуде», — деді ол.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді