Жаркентте полиция қызметкерлері жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына оқ атқаннан кейін Панфилов аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Ал оқиға орнынан бой тасалаған үш күдікті қызметкер жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірмеді. «Панфилов аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шеттетілгенін растаймыз. Ал оқиға орнынан қашып кеткен полицейлер ұсталған-ұсталмағаны жайлы бізде ақпарат жоқ», — деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Сергей Незнаев.