jasqazaq.kz

Пәктігін саудаға шығарды

30 сәуiр 2019, 9:32

Бразилиялық 22 жастағы студент қыз Даниэль Брин пәктігін аукционда 1 миллион долларға сатпақшы.

Бойжеткен жап-жас болса да, қарызға белшесінен батқан көрінеді. Отбасы жұпыны тұрғандықтан, өз күшімен төлемесе болмайды. Оқуынан қалмау үшін жарты күн ғана істейтін жұмысқа да тұрыпты. Бірақ бұл әрекетінен еш нәтиже шықпаған. Сөйтіп, ол пәктігін аукционда 1 миллион долларға сатуға бел буады.

Даниэль ешқашан жігітпен кездесіп көрмепті, сондықтан өзі қатты ұялады. Пәктігін сатып алғысы келетін жақсы бір адам кезігеді деп үміттенеді.

«Қалай болар екен деп уайымдап жүрмін. Сатып алатын адам сыпайы кісі болсыншы деп үміттенемін. Қатты қорқсам да, басқа амалым жоқ. Қарыздан құтылып, отбасыма пәтер алып бергім келеді», — дейді бойжеткен.

Daily Mail хабарлағандай, 22 жастағы студент анасы мен сіңлісіне бар керегін сатып әперіп, қалған сомаға тиімді бизнес бастамақ. Сөйтіп, өз күнін өзі көргісі келеді.

Алғашқы кездесуге қыз оққағармен бірге бармақшы. Ол бұл шешімі туралы жақын құрбысына ғана айтыпты. Егер ұтымды ұсыныс түсіп жатса, анасына да түсіндіріп айтқысы келеді.

Sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда