jasqazaq.kz

Пәктігін сатқысы келген қыз рөл ойнағанын жайып салды (видео)

10 сәуiр 2019, 13:52

Ел алдына шығып, пәктігін 2 миллион теңгеге сататынын жария еткен Айнұр енді басқаша сөйлеп шықты. Ол «хайп» үшін жалған ақпарат бергенін, эфирде жай ғана рөл ойнағанын жайып салды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Айтуына қарағанда, бағдарлама редакторлары оны Instagram арқылы тауып шақырған. Алғашқыда қыздық перде жайлы пікірін білдіру үшін дегенімен, кейіннен басқаша ұсыныс тастаған. Алматыда оқитын қызды Астанаға алдыртып, танымалдылық үшін жалған хабар беруін сұраған.

«Келістім. Бірақ мынадай рөл аламын деп ойлаған жоқпын. Келесі күні хабарласып: «Сіз қыздығымды сатамын деп шығасыз», — деді. — Ондай да бар ма? — деп күлдім. — Иә, халықты шулату керек қой. Осылай айтсаңыз, ел дүрлігеді, — деді», — дейді Айнұр.

Бұдан кейін Айнұр әлеуметтік желідегі парақшасында хабарландыру қалдырған. Барынша шынайы етіп көрсету үшін жекесіне келген хаттардың да көшірмесін редакторларға жіберген.

«Бағдарламаға барған кезде «осылай айтасың» деп үйретті. Соңына дейін «сатамын» деп отырасың, «сатпаймын деп шықпа» деді.

Маған негізі мұның бәрін айтпасын, ешкім білмесін деген. Енді маған бірдеңе бола ма деп қорқып тұрмын. Олар заң жүзінде қудалаймыз деген. «Өз ойым» бағдарламасының өтірік екенін айтпауың керек, деді. Бірақ менің сабағыма, өміріме кесірі тиіп отыр», — дейді Айнұр Жәнібекова.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алатын Айнұр осы бағдарламадан кейін оқудан шығып қалған. Енді бойжеткен жасаған ісіне өкініп отыр.

Ал Айнұрдың шындығын әшкере еткен әзілкеш Нұрболхан оны кешіруді сұрап отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nurbol Khan (@nurbolkhan)

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда