jasqazaq.kz

Пәкістанның бұрынғы президенті өлім жазасына кесілді

17 желтоқсан 2019, 20:04

Исламабадтағы арнайы сот алқасы Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушаррафты мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен өлім жазасына кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Сотталушы қазір Дубай қаласында. 2013 жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша үкімді үш судьядан тұратын алқалар шығарды, олардың екеуі өлім жазасын қолдауға дауыс берді. Генерал Первез Мушарраф 1999 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген болатын. Ал 2001-2008 жылдар аралығында президент қызметін атқарды. 76 жастағы Мушарраф қазір Дубайда, оған 2016 жылы Пәкістаннан кетіп, емделуге рұқсат етілген. 2007 жылы өзінің билікте болу мерзімін ұзартып, ерекше жағдай енгізіп, конституцияны тоқтата тұруына қатысты Мушаррафқа айып тағылған болатын. Үкімге шағымдануға болады. Еске сала кетейік, желтоқсан айында экс-президент аурухана төсегінде жазылған бейнежазбаны жариялап, оған қатысты қылмыстық істі негізсіз деп атаған. Мушарраф — конституцияны бұзды деген айыппен сот алдына келген алғашқы мемлекет басшысы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда