
Пәкістанда қар көшкіні құрбандарының саны артып, 100 адамға жетті. Тағы осыншамасы жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғи апаттан, әсіресе, елдің солтүстік өңірі қатты жапа шеккен. Мұнда біраз мектеп уақытша жұмыс істемейді. Жолдар жабық тұр. Ал, мамандар «қар әлі жауады» деп отыр. Көрші Ауғанстанда да жағдай күрделі. Мұнда күннің күрт суытуы салдарынан 39 тұрғын мерт болған. Үндістанда да қар көшкіні жүріп, адам шығынына әкелген.