jasqazaq.kz

Пәкістан үндістандық ұшқышты отанына қайтарады

01 наурыз 2019, 14:20

Пәкістан Кашмир үстінен атып түсірген ұшақ пилотын Үндістанға қайтарады. Бұл туралы Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши мәлім етті, — деп хабарлайды Reuters.

Ол Пәкістанның Үндістанмен ірі әскери жанжал болғанын қаламайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл соғыс «екі тарапты да жойып жібереді». «Бейбітшілік ишараты ретінде біз тұтқындаған ұшқыш бүгін Вагах елді мекенінің маңындағы шекарадан өткізіп жібереміз», — деді Куреши Парламент отырысында. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі РИА Новостиге Пәкістанның шешімін құптайтынын айтты. «Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханның тұтқынқа алынған үндістандық ұшқышты жұма күні босататыны туралы уәдесін құптаймыз», — деді ол. Департамент өкілінің айтуынша, АҚШ екі тарапты осы жағдайды шешу үшін жылдам шара қолдануға шақырады. Оның сөзінше, екі жақтың әскери белсенділігі жағдайды ушықтырып жібереді.

 tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда