jasqazaq.kz

Пакетке оралған мәйіттер түсірілген видео тарады

05 шiлде 2020, 17:48

Маңғыстау облысының әкімдігі қара пакетпен оралған науқастардың денесі түскен видеоға пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Әлеуметтік желілерде ролик пайда болды. Кадрларда еденде және арнайы арбаларда қара пакеттің ішінде болжам бойынша бірнеше дене жатыр. Видео сипаттамасында оның Ақтауда түсірілгені жазылған.

Маңғыстау облысының билігі роликтің өңірдегі медициналық мекемелердің ешқайсысына қатысы жоқ екенін және оны фейк деп атады.

«Қара пакетпен оралған науқастардың мүрдесі бар видео Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ. Сондықтан бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауларыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия