jasqazaq.kz

Пайдалануға берілген үйдің жылуы жоқ

04 желтоқсан 2018, 21:51

Жылуы жоқ сұлудай! Қаратау қаласында су жаңа үйдің иелері екі айдан бері баспаналарына кіре алмай жүр. Себебі, пайдалануға берілген көп қабатты нысанның инфрақұрылымы әлі күнге іске қосылмаған. Сондықтан пәтер алғандар жарығы мен суы, көгілдір отыны мен жылуы жоқ үйдің әзірге тек сыртынан сүйсініп қана қарауға мәжбүр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Мына көп қабатты үй Қаратаудағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға екі ай бұрын пайдалануға берілген. Алайда күні бүгінге дейін тұрғындар баспаналарына кіре алмай жүр. Себебі, мұнда инфрақұрылым атымен жоқ. Тіпті кейбір пәтерлер әлден-ақ бүлініп жатыр. Мәселен жалғыз басты ана Нәсипа Есқожаеваның баспанасы судың астында қалған. Жоғарыдағы жылу құбырының жарылуынан бөлмелерге су шелектеп ағыпты.

«Қолжетімді баспана» бағдарламасымен арендалық үй алғандардың саны – 114. Бірақ баспаналары бола тұра олар әлі күнге пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Наразы топтың айтуынша, шенеуніктер екі апта бұрын жағдайды реттеуге уәде берген. Бірақ айтылған сөз айтылған жерде қалғандай.

Алтынай Меңдібекова, Қаратау қаласының тұрғыны:

— Қолымызға келісім-шартты бермей жатыр. Оны әкімдікте дейді, ол жаққа барсақ бір-біріне сілтейді. Көшіп келіңдер дейді, біз қалай келеміз? Не жарық, не су, не жылу жоқ.

Ал жергілікті билік бар кінәні құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысына артып отыр. Яғни мердігермен ауыз жаласқан шенеунік құрылысы бітпеген ғимаратты қабылдап алған. Оның былығы кейін әшкерленіп, 7 жылға сотталыпты. Осы жағдай инфрақұрылымның кешеуілдеуіне себеп болды дейді әкім орынбасары.

Серік Дадабаев, Талас ауданы әкімінің орынбасары:

-Құрылыс бөлімінің басшысы істі болды. Сосын екеуінің арасында түсініспеушілік пайда болды. Ол қол қойып қойған, мердігер жұмысты соңына дейін аяқтамаған. Мердігер аяғына дейін жұмысты бітірмей, соның артынан үш төрт ай жүріп қалдық.

Кейін басқа мердігер анықталып, инфрақұрылым тартуға кіріскен. Енді бірер күнде жұмыс жүз пайыз аяқталып, ел-жұрттың көшіп келулеріне болады дейді шенеунік. Ал оған дейін тұрғындардарға пәтер жағалаудан басқа амал қалмай тұр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді