jasqazaq.kz

Өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған (видео)

08 маусым 2020, 15:02

Тобыл өңірінің тұрғыны сау басына сақина тілеп алды. 41 жастағы ер адам жұмыста жүріп жыныс мүшесін кесіп тастаған. Денесіне ауыр жарақат салған жанкешті, Лисаковтағы ірі кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. Оқыс оқиға осыдан 3 күн бұрын болған.

Дәрігерлер дереу ота жасапты. Қазір науқастың өміріне қауіп жоқ, деді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше оның кесіп тастаған дене мүшесін қалыпқа келтіру мүмкін болмаған. Дейтұрғанмен, жұмысшының неліктен мұндай қадамға барғаны әзір белгісіз. Полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Аталған фактінің тіркелгені рас. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ер адам ауруханаға жатқызылған. Әзірге белгілі болғандай аталған жарақатты ер адам өзіне өзі салған. Барлық толық дәйектер тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болады.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде жашкешті — «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамына қарайтын Красноояктябрь боксит кеніш басқармасының жұмысшысы екені жарияланды. Аталған басқарманың баспасөз хатшысы бұл ақпаратқа қатысты жауап қатпады. Олар сауал хат жолдауды сұрап отыр.

Дереккөзі: Астана телеарнасы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде