jasqazaq.kz

Өзіне қол жұмсамақ болған келіншек құтқарылды

19 ақпан 2019, 14:32

Жетісай ауданының тәртіп сақшылары өзіне қол салмақ болған әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жолай өтіп бара жатқан жүргінші хабарласып, бейтаныс келіншектің көпірде суицид жасауға бекінгені туралы хабарлаған. «Оқиға орнына бірден патруль полициясының автоэкипажы жөнелтілді. Олар көпірден секіру арқылы өзіне қол жұмсамақ болған жас келіншекті көріп, уақытты көп созбай іске кірісті. Жол-патруль полиция қызметкерлері — аға сержант Е.Бердібеков пен сержант Т.Бейсенбаев шапшаңдық танытып, жалма-жан келіншекке көмекке ұмтылды. Сөйтіп оны суицидтен құтқарды» делінген хабарламада.

Келіншек Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Өзінің айтуынша, оны суицидке отбасылық жағдайы итермелеген. Полицейлер келіншекпен әңгімелесіп, көмек қолын созған соң, оны туған-туыстарына табыстады. Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшылығы қырағылық пен кәсіби біліктілік танытқан полицейлерге алғыс білдірді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде