jasqazaq.kz

«Өзін тонаған» қыз 7 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

10 тамыз 2018, 12:03

21 жастағы семейлік студент қыз өзін тонап кетті деп полицияға жалған арыз түсірген. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО ІІД мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 11.00-де қыз орталық полиция бөліміне автобус аялдамасында белгісіз біреулер оның сөмкесін күш көрсетіп, тартып әкетті деп арызданған. Сөмкеде 200 мың теңге ақша мен банк карточкалары болған. Факті бойынша жедел алдын алу шаралары ұйымдастырылады. «Тонау» бабына сәйкес сотқа дейін тергеу амалдары басталады. Алайда, тергеу барысында қыз баланың орын алған оқиғаны ойдан шығарғаны анықталды. Сөйтсе қаржының бәрін керегіне жаратып қойған ол осындай амал ойлап тапқан. Қазір Қылмыстық кодекстің 419-бабы 2-бөлігі (Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Енді ол жалған ақпарат бергені үшін 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді