jasqazaq.kz

Өзін пышақтап үлгерген. Дүкенді тонамақ болған қарақшы ұсталды (видео)

16 маусым 2021, 10:26

Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкеніне жасалған қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды. Қарулы қарақшы полицейлер басып кірген сәтте кеудесіне пышақ сұғып үлгерген. Бұл туралы  Polisia.kz  хабарлайды.

«15 маусымда таңғы сағат 7-де Гоголь көшесіндегі дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Белгісіз ер адам 28 жастағы дүкен сатушысын пышақпен қорқытып, сыртқа шығарып жіберген. Осы уақытта дүкенде тағы бір сатушы болған. Ер адам есіктің кілтін талап етіп, кейін нысанды ішінен жауып алған», — деді Нұр-Сұлтан полиция өкілі.

26 жастағы қыз дабыл түймесін басып үлгерген, кейін оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем барған.

Дүкен екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Полицейлер жағдайды бағалап, ер адаммен келіссөз жүргізді.

«Ол ашулы және мас күйде болды. Қарақшының қолында пышақ болды. Ол сатушыны және өзін пышақтаймын деп қорқытты. Полиция дүкенге екінші есіктен кірді.

Күдікті келіссөздерге алаңдаған кезде, жәбірленуші одан қауіпсіз арақашықтықта тұрды. Осы сәтте полицейлер дүкенге басып кіріп, ер адамды ұстады. Бірақ ол кеудесіне пышақ жарақатын салып үлгерді», — деді полицейлер.

31 жастағы қарақшы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

https://youtu.be/y0kXF1MnxDk

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия