jasqazaq.kz

Өзін полицеймін деп таныстырған алаяқ елден ақша бопсалап отырған

20 қараша 2021, 20:48

Елордада өзін полицеймін деп таныстырып, адам бопсалаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 26 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасын ұстады. Ол екі ай бойы азаматтарды алдап, олардан ақша алып келген. Ол мұндай қылығын жасайтын кезде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған. Осылайша қала тұрғыны бір әйелден 300 мың теңге алып, қалтасына басқан. Ол әлгі әйелдің интим қызметтер көрсететінін түсінген соң оған телефон шалып, айыппұл саламын деп қорқытады. Сөйтіп ақшаны өз есепшотына аударуды талап еткен. Қазір күдікті изоляторға қамауға алынған, оның тағы осындай 3 алаяқтық қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Күдіктіден зардап шеккен басқа да азаматтар болса, 102 нөміріне немесе +7 (7172) 71-65-18, 71-56-23 телефондарына хабарласқаны жөн.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр