jasqazaq.kz

Өзін өртеген әйелдің жағдайы ауыр

12 сәуiр 2022, 10:46

Елордада ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін өртеген әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«1990 жылы туған әйел денесінің кейбір бөліктерін күйік шалған. Жедел жәрдем зардап шегушіні № 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Пациент шокқа қарсы палатаға жатқызылып, оны комбустиолог, реаниматолог, токсиколог, терапевт мамандар қарап шықты. Науқастың жағдайының ауырлығын ескере отырып, ол күйік шогы, күйіктің ауданы мен жарақаттың тереңдігі айтарлықтай болғандықтан реанимация бөліміне жатқызылды», — делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір пациентке толыққанды медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Науқас ОАРИТ қызметкерлерінің бақылауында. Оның денсаулық жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр», — дейді ведомстводан. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында өзін өртеген әйелдің ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған едік.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде