jasqazaq.kz

Өзін хакер ретінде таныстырған ресейлік әйел ондаған қазақстандықты алдап кетті

12 қыркүйек 2022, 15:09

25 жастағы Н.есімді азаматша ақпараттық технологияларды пайдаланып және адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет алаяқтық әрекетін жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктіні “К” бөлімінің қызметкерлері ұстады. Анықталғандай, қылмыстық тізбекті әйел жерлесімен бірге дайындаған, ол Instagram әлеуметтік желісінде бұғатталған аккаунттарды бұзу немесе қалпына келтіру қызметін жарнамалаған. Әлеуетті клиенттер өздерінің тұратын еліне қарай Қазақстандағы банктердің карталарына ақша жіберген. Содан кейін Н.есімді азаматша алған ақшаны сыбайласының нұсқауымен басқа карталарға бөліп, ақшаның бір бөлігін өзіне қалдырып отырған, – дейді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сараланады, деп жазады Polisia.kz.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның қала және Қазақстан Республикасының аумағында басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр