Өзін 17 адам зорлады деген қыз сұхбат берді (Видео)

01 қараша 2021, 21:45

Түркістан облысында 17 жасар қызды 17 еркек зорлаған. Төрт күн бойы азапта болдым деген бойжеткеннің анасы полицияға шағым түсірді.Айтуынша, Сарыағаш ауданында 11-сыныпты бітірген қызды әуелі таксист алдап әкетіп өзен бойында зорлап, кейін өзінің таныстарының қойнына салып берген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Сұмдық жәйттің жай-жапсары былай болған:

Бетін жасырып, аттарын атамауды сұраған анасы мен қызын Сарыағаш аудандық полициясынан таптық. Жанындағы дәмханада тілшілерге сұқбат берген олар сұмдық жағдайды ашып айтты. Мамыр айының 21-і күні сыныптастарымен базарға барған 17 жастағы қыз таксимен үйіне қайтпақ болған. Бірақ жүргізуші бағытты өзгертіп, үйіне жеткізуді сұрап жылаған қызға су ішкізіпті. Сол суды ұрттаған бойжеткен есінен танып, өзен бойында жалаңаш күйі ояндым дейді.

Жәбір көрген қыз:

— Бірінші судың бойында зорлады, кейін үйге апарды. Үйде зорлады, балаларды шақырды сол жақта да. Кейін бақшаға апарды, жылыжайы бар. Телефонмен шақырып беріп жібереді, тағы да шақыра береді. Кетеді ол. Сол бала кетеді, шақыра береді адамды. «Кел, қыз бар мына жақта» деп айтады. Келеді олар, көреді, жұмысын бітіреді, кетеді. «Барам, жіберіңдер» дегенде шапалақпен ұрды. Сөйтіп, «кетсең, өлтіріп, суға тастап кетем» деді. «Таппайды, таба алмайды» деді. Бекзат, Данияр деген бала.

Осылайша «төрт күн бойы зорландым» деген 17 жасар қызды туыстары іздеп дабыл қаққан. Алғашында олар алып қашқан шығар деп ойлапты. Қызын полицейлер тауып әкелген соң ғана зорланғанын білдім дейді анасы. Бірден полицейлерге арыз түсіргенімен, көп ұзамай шағымын қайтарып алған. Бірнеше күннен кейін қайта шағым жазыпты. Бірақ полицейлер әу бастан істі жылы жабуға тырысты дейді анасы.

Жәбір көрген қыздың анасы:

— Менің ойымша, ақша алып қойған, ақша алмаса, Бақытжан ағай неге маған солай айтады: «Сен 5 миллион алдың ғой, бұл жағын қойып берсей, көтіңді қысып жүрсей» дейді ғой. Мамырдан бері жүрмін әлі созылып, осы уақытқа дейін келді ғой.

Анасының айтуынша, қызы «зорлады» деп таныған 17 адамнан жалпы 8 миллион теңге ақша алыпты. Бірақ ақша үшін емес, қызымды оқуға түсіремін дегеніне сеніп қалған едім дейді. Қайта арыз түсірген ол енді қанша ақша ұсынса да, кешірім бермеймін дейді. Қазір зорлау бабымен іс қозғалып, тергеуді Сарыағаш ауданы емес, облыс департаменті жүргізіп жатыр.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы:

— Түркістан облысы ПД тергеу басқармасымен қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалған. Қортындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады.

Сараптамаға аса қажет қыздың үстінде болған көйлегін анасы өртеп жіберген екен. Жәбірленушінің анасы: «Қызым асылып өлем дей берген соң, ашумен істедім» дейді. Айтпақшы, қыз зорлады деп таныған 17 жігіттің кейбірі енді бойжеткенге «арызыңды ал» деп, құда түсіп келіп жатқан көрінеді.

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл