jasqazaq.kz

Өзімен бірге үш баласын өлтірген

13 желтоқсан 2022, 16:33

Маңғыстау облысында ер адам балаларымен бірге өзіне қол жұмсаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 11 желтоқсанда сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздігінен асылып қалған белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түскен.

«Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Өздіктерімен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды.

Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді әйелге өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан», — делінген полиция хабарламасында.

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде болғаны және олардың ажырасқалы жатқаны белгілі болды. Ерлі-зайыптының екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының ПБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық