jasqazaq.kz

Өзі жұмыс істеген мүгедектерді бейімдеу орталығын тонаған

22 қазан 2019, 12:43

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу орталығына шабуыл жасалды. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Екі күдікті күзетшіні суық қарумен қорқытып, қол-аяғын матап, жарымжан жандарды емдеу үшін мінетін екі жылқыны ұрлап әкеткен. Қазір жылқыларды сойып, сатып жібермек болған күдіктілер ұсталды.

Күдіктілердің біреуі мүгедек балаларды бейімдеу орталығында бұрын еңбек еткен. Ол жанындағы серіктесімен бірігіп, сол мекемені бақылайтын күзетшінінің қол аяғын байлап, қос жылқыны жүгендеп жетектеп кеткен. Ал, бір сағаттай байлауда жатқан қарауыл қатты қорқып қалса керек.
53 жастағы күзетші хабар берген соң, оқиға орнына полиция келген. Алайда, ол уақытта сезіктілер ізін суытып үлгерседе, артышна тез ұсталыпты.

«Қылмыс жасалғаннан кейін екі бас жылқы сатылып кеткен. Біз атқарған іс-шаралардың нәтижесінде, сатылған жылқылар табылып, алынды. Ұрланған жылқыны сатып алған адамға да тексеріс жүргізілді», — дейді Жамбыл облыстық ПД криминалдық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Юсупов.

Полиция ұстаған қос азаматтардың бірі бейімдеу орталығында көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген дейді. Сондықтан ол бұрынғы жұмысының қыр-сырын жетік білген. Ал екеуінің қылмысы дәлелденсе, олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылыуы мүмкін.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда