
Қарағанды облысы Шахан ауылында белгісіз біреу аулада тұрған көлікті өртеп жіберген. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Тengrinews.kz хабарлады.
«16 шілдеде түнгі 01:23-те полицияға Шахан қаласының 32 жастағы тұрғыны хабарласып белгісіз бір ер адамның Mercedec маркалы автокөлігіне қасақана от қойғанын айтқан. Келтірілген залал мөлшері — 1 800 000 теңге. Жедел-іздеу шаралары барысында криминалдық полиция мамандары қаскөйді ізін суытпай ұстады. 33 жастағы жәбірленушінің ауылдасы ұсталған бетте өз кінәсін мойындады», — делінген полиция хабарламасында. Осы дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды және сотқа дейінгі тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.