jasqazaq.kz

Өзге тілде оқытылатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері жеке сабақ болмақ

03 ақпан 2022, 13:28

Оқыту өзге тілде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жеке оқыту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері съезінің қорытындысында бірқатар іс-шара жүзеге асырылды. «Ең біріншісі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды. Ол жұмысын қаңтар айынан бастады. Екіншіден, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру қолға алынды. Бүгінгі күні үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіруге қатысты жұмыс тобы құрылып, министрдің бұйрығымен бекітілуге берілді. Үшіншіден, оқыту өзге тілде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жеке оқыту мәселесін қарастыру үшін кәсіби сарапшылар тобы құрылып, қазір талқылауға дайындалып жатыр» — деді ол Білім министрлігінің аппарат жиналысында. Сонымен қатар ол съезд қарарында көрсетілген мәселелерді іске асыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Олардың барлығы осы жылы іске асырылатын болады.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр