jasqazaq.kz

Өзге біреудің баласын жерлеп тастаған

10 маусым 2019, 14:53

Канаданың Виннипег қаласында ата-анасы өзге біреудің баласын жерлеп тастаған. Оған дәрігерлердің қателігі себеп болыпты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

19 сәуірде Элис Кинак пен Тони Алагалактың жаңа туған нәрестесі қалалық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Өкінішке орай, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмапты. Арада бірнеше күн өткеннен кейін нәрестенің мәйіті ата-анасына табысталған.

15 мамырда дәрігерлер қайғы жамылған отбасыға хабарласып, аурухана қызметкерлерінің шатасып, оларға өзге біреудің сәбиінің мәйітін беріп жібергенін айтады. Олар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін, жерленген нәрестенің мәйітін қазып алу керектігін айтыпты.

«Болған оқиғаға кімнің кінәлі екенін және мұндай жағдайдың қалай орын алғанын білгім келеді», — дейді Алагалак.

Ал аурухана өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық